- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті
Кездесуге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, жас дарындар – жазушы Б.Сарыбаев, ақын Қ.Омарова, суретші К.Бекмұрзаева, мүсінші Л.Кочетов, театр және кино актерлері Ә.Ахметов, Ж.Мақажанова, Н.Ли, пианист Р.Әбдісағин, балет солисі Б.Адамжан, әнші И.Кайсиди және дирижер Қ.Омаров қатысты.
Басқосуда ұлттық өнеріміздің, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өзекті мәселелері, сондай-ақ еліміздегі рухани-мәдени саланың қазіргі жай-күйі мен келешегі талқыланды.
Гүлшара Әбдіқалықова кіріспе сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа бірге қадам басып, бұқаралық сананы өзгерту міндеті қойылғанын атап өтті. Оның ең басты талабы – мәдениетімізді, ұлттық кодты сақтау.
Мемлекеттік хатшы ел Президенті айқындап берген міндеттерді іске асыруға шығармашыл жастар өкілдері белсене атсалысатынына сенім білдірді.
Кездесуге қатысушылар ұлттың жан-жақты жаңғыруын жүзеге асыру үдерісінде өскелең ұрпақтың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қоғамның рухани дамуына қатысты идеяларын, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова кездесу соңында мәдениет және өнер қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, береке-бірлік пен шығармашылық табыс тіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды