- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АМСК деңгейінде әмбебап көмекті құрумен айналысуда
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АМСК деңгейінде әмбебап көмекті құрумен айналысуда
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс сапары аясында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Университет күніне орай ұйымдастырылған «Стратегиялық серіктестік – медициналық білімді жаңғыртуға апарар жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Елжан Біртанов, стратегиялық серіктестіктің қазақстандық медициналық ЖОО-на ішкі және сыртқы нарықтағы ұстанымдарын күшейтуге, сондай-ақ білім беру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Ол мемлекеттік-жеке кәсіпорындар аясындағы инвестиция мәселелеріне тоқталды.
«Инвесторлар тарту үшін инвестициялық тартымды жобалардың нақты жасалған тұрақты пулы болуы шарт. Денсаулық сақтау объектілері жүйелерін жаңғырту қағидаттары «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. Бастапқы топтың қолжетімділігін арттыру үшін, әлемдік тәжірибелерді ескеріп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) объектілерін шағындап қайта ұйымдастыру арқылы біз аймақтарда көпсалалы шағын госпитальдық бөлімдер құруды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Жұмыс сапары барысында Елжан Біртанов ДДҰ атқару комитетінің шешімімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Алматы қаласында ашылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Географиялық қашықтықтағы кеңсесінде де болды. Аталған кеңсе ғаламдық деңгейде де, ДДҰ барлық Еуропалық аймақтары үшін де денсаулық сақтау саласының бастапқы топтарын дамытуда маңызды роль атқарады.
Сондай-ақ, конференция аясында министр «Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу – еліміздің әлеуметтік саулығын қамтамасыз етудің стратегиялық басымдығы» тақырыбында лекция оқыды. Қазақстандағы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің түйінді бағыттарын таныстыра келе, ол жүйені енгізудің негізгі мақсаттарына тоқталды. Бұл – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қаржыландырудың жаңа үлгісіне ауысу.
«Бірлескен іс-шаралар арқылы біз Қазақстан халқын медициналық сақтандырумен түгел қамтамасыз етуіміз керек. Дәрігерге қаралушылар үшін медициналық сақтандыру өз қаражатына арзан әрі қолайлы ем алу мүмкіндігі екендігін білуі маңызды, сақтандырылған адам ешқандай шектеусіз жалпы практика дәрігерлерінің көмегіне жүгіне алады», - деп атап өтті ол.
Медициналық сақтандыру жүйесінде үш базалық қағидат жатыр – олар: әлеуметтік бағыт, барлық азаматтар үшін міндеттілік, табыстары мен жарналарының мөлшеріне қарамастан, сақтандырылған азаматтарға тең дәрежеде бірыңғай медициналық қызмет пакетінің қолжетімділігі деп нақтылады Елжан Біртанов.
Министрдің жұмыс сапары алғашқы медициналық-санитарлық көмек мәселелері жөніндегі басқасумен аяқталды. Ол алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) – еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдықтарының бірі екендігін атап өтті. Осыған орай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында АМСК деңгейінде әмбебап және әлеуметтік-бағдарлық қолжетімді көмек көрсетілуі үшін іс-шаралар жүргізуде.
Бүгінде АМСК деңгейінде 8500 дәрігер, 23000 орта деңгейлі медициналық қызметкер, 1200 әлеуметтік қызметкер, 500 психолог жұмыс істейді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция