- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдық балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылмақ
Жамбылдық балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылмақ
Биыл жазғы лагерьлерде 196 566 оқушы демалып, жаңа оқу жылының алдында күш жинай алады. Олардың ішінде 60 451 бала – жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, патронаттық тәрбиелеудегі және мүмкіндігі шектеулі балалар.
Өңірде Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Рысқұлов және Сарысу аудандарының әдемі жерлерінде орналасқан 6 мемлекеттік және 4 мемлекеттік емес сауықтыру лагері бар.
Сондай-ақ, балалар үшін мектеп жанындағы және палаталық лагерьлер, республикалық сауықтыру орталықтары, аула клубтары да жұмыс істейтін болады. Саяхаттар, туристік серуендер, спорт жиындары, үйірмелер мен еңбек отрядтары ұйымдастырылады.
Әрбір мектепте әр түрлі интеллектуалдық іс-шаралар жоспарлары әзірленген. Білім бөлімдері қызметкерлері мен қала сыртындағы лагерьлердің басшыларының қатысуымен аға тәлімгерлер үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, биыл балаларды сауықтыруға жергілікті бюджеттен 315 млн 208 мың теңге бөлінген. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне бару үшін аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 5691 бала және 71 дарынды оқушы үшін қаражат бөлу көзделген.
Бұдан бөлек, жазғы уақытта жоғары оқу орындарының 3 және 4 курс студенттерін волонтерлер ретінде тарту жоспарланып отыр.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр