- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың урбанистика орталығы тұрғындарға жаяу серуендеу ұйымдастырды
Астананың урбанистика орталығы тұрғындарға жаяу серуендеу ұйымдастырды
Іс-шараның мақсаты - қала өмірін зерттеп, танысу үшін жаяу жүрудің пайдасын насихаттау және елорданың жаяу жүргіншілеріне арналған ифрақұрылымды дамыту.
Жаяу жүруге келіскендер екі бағытты таңдау керек болды: Назарбаев университеті – Триатлон парк және Хореография ұлттық академиясы – Астана саябағы.
Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтары шаһардың қоршаған ортасын жақсартуға құлшыныс танытып отыр. Сондықтан, орталықтың бастамасын қызу қолдап шараға белсенді қатысқандар аз болмады.
Урбанистика орталығының болашақтағы жоспарлары да айқын: жаяу жолдарды зерттеу, шағын және орта бизнестің коммерциялық қызметіне қолдау, қоғамдық көліктердегі бос орындар мәселесі, қоғамдық көліктерге арналған орындарды көбейту және қалада қолайлы орта қалыптастыруды зерттеу негізінде методикалық ұсыныстар әзірлеу.
Жүргізілген жұмыстардың соңында орталықтың өкілдері тұрғындардың әрбір тілек-ұсыныстарын тыңдады. Ұйымдастырушылар мұндай шараны алдағы уақытта Есілдің қос жағалауында қатар өткізетіндерін мәлімдеді. Өйткені, қаланың ахуалын зерттеу орталықтың негізгі мақсаттарыныңбірі.
Жүргізілген талдау нәтижесінде шараға қатысқандардың көбі бірінші қабаттағы коммерциялық сапалы нысандарды, сәулетті құрылыстар, коғамдық көліктердің қызметі, инфрақұрылымдардың сапасы және қаладағы қызметтердің өзара қабысуына көңілдері толатындарын жеткізді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
Қазақстанда жол-көлік апатының басым бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан орын алуда -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады
-
Қазақстандық жасөспірімдердің жыныстық сауаттылығы қандай