- Басты
- Жаңалықтар
- «Еңбек нарығы» жүйесіне 266 мың астаналықтың мәліметі енгізілді
«Еңбек нарығы» жүйесіне 266 мың астаналықтың мәліметі енгізілді
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біздің елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізушеңберінде әлеуметтік дәрежесі жоқ тұлғаларды анықтап, «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне енгізуді міндеттеді. Осындай азаматтар елордамызда 266 мыңға жуық екен. Осыған орай, біз шұғыл түрде Халықты жұмыспен қамту орталығы базасында жедел түрде қалалық штаб құрып, алдымызға қойылған міндеттер орындалды», - деп хабарлады Жұмыспен қамту, еңбек, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Оспанов.
Хабарланғандай, азаматтардың әлеуметтік статусы 25 емхананың 531 участкелік дәрігері терапиялық аумақтарды бекіту бойынша халық санағын жүргізу барысында нақты анықтады.
Сонымен қатар, «Участок» жедел-алдын алу шаралары аясында 175 участкелік полиция жұмылдырылып, олар әр аулаға барып, тексерді. Бұдан бөлек, ПИК өкілдері 410 пәтерді аралады.
«Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары БАҚ көмегі, жарнама, барлық пошта жәшіктері, SMS хабарландырулар, автобус ішінде, әлеуметтік желілер мен сайттар, ХҚКО-дағы жұмыспен қамту орталықтарының мамандарының кеңес беру жұмыстары арқылы да жүргізілді», - деп әкімдіктен түсіндірді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі күн сайын әлеуметтік статусы жоқ азаматтардың тізімін жаңартып отырады және ол жұмыспен қамту орталықтарына статусын анықтау үшін жіберіледі.
Атқарылған істердің қорытындысы бойынша 164 167 адам қазіргі уақытта жұмыс істейтіндері, 38 616 студент, 11 432 адам қаладан тыс жерде, ал 3 070 адам әлеуметтік төлем алушылар екені анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 мамырындағы мәлімет бойынша, жұмыспен қамту орталығына 6 033 адам хабарласқан. Олардың 1 794 тұрақты жұмысқа орналастырылды, 151 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді, 336 түлек жастар тәжірибесінен өтуде, 119 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды, 1 028 қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларына 3 428 адам қатысты немесе 57%.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр