- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауы басталды
Қазақстанда «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауы басталды
«Инновациялар әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Осыған орай, жастарға ерекше көңіл бөлініп, байқау өткізіледі, оның мақсаты ғылыми-зерттеу қызметіне тарту арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», - делінген хабарламада.
Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі: Әлеуметтік маңызды инновациялар, Техностарт, Үздік жас ғалым, Жастар инновациялық жобасы, Перспектива.
Осы ретте, «Жас Отан» ЖҚ атап өткендей, бағыттардың ауқымды бөлігі қамтылады: қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі, жасыл энергетика (энергетика және энергия үнемдеу), химиялық технологиялар, нано-технологиялар және биотехнологиялар, өнеркәсіптік және құрылыс технологиялары және өндіріс, агроинновациялар (өнеркәсіптік технологиялар және өндіріс), IT технологиялар, медицина, медициналық техника және технологиялар, фармация, ұтымды табиғат пайдалану, ресурс үнемдеу, робототехника, қауіпсіз көлік (жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру), үздік лайфхак (өмірге арналған жаңа құрылғылар), 3D баспа және жаңа материалдар, гаджеттерге арналған мобильді қосымшалар, экологиялық инновация, наносерпін –нанотехнологиялардағы инновациялар, білім беру саласындағы инновациялар.
Байқау өтінімдерін әділ қарау мақсатында қазылар алқасының құрамына ұлттық компаниялардың, құрылымдық бюро және министрліктер мен ведомстволардың өкілдері мен ғалымдар санынан тұратын сарапшылар тартылатын болады.
Ақпарат бойынша, Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін созылады. Жалпы ақшалай сыйлық қоры 8 000 000 теңгені құрайды. Байқау жеңімпаздарында жобаны қаржыландыру және инвестициялау көзін табуға мүмкіндік пайда болатынын атап өту қажет.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда