Б.Сұлтанов мембағдарламаларды қаржыландыру нәтижелерін айтып берді

18 Мамыр, 2017 19:27
Өткен жылдың бағдарламалық құжаттардың және стратегиялық жоспардың нәтижелері туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілісте хабарлады.

Есептік жылда ммелекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, мақсаттық көрсеткіштерге ол жеткізуге бағытталған шаралар жалғастырылды.

Министр негізгі бағдарламалар және олардың нәтижелері туралы есеп берді.

«Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша, есепті жылы микрокредит алған 5 677 адам өз ісін ашты.  Кәсіптік оқытумен 7 240 адам қамтылды, оның ішінде 6 335 адам немесе 87,5 % оқуды аяқтады.  Олардың 5 431-і немесе 85,7 %-і жұмысқа орналасты.   Жоспардағы 8 индикатордың 6 индикаторы бойынша 2016 жылдың көрсеткіштері орындалды. 2 индикатордың нәтижесі жоспардан төмен болды», - деді Б.Сұлтанов.

«Денсаулық» бағдарламасына 2016 жылы 153 млрд.теңге пайдаланылды. Көзделген 3 нысаналы индикатор толығымен орындалды. Қосымша 3 инсульттық орталық ашылды, қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім 10,5 %-ға азайған.

«Білім беруді және ғылымды дамыту бағдарламасы бойынша жоспардағы барлық 8 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, оның ішінде 
1 индикатор асыра орындалды. 2016 жылы 77 мың орындық 825 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 46,5 мың орынға арналған 582 жеке меншік балабақша мен 60 шағын орталық. Осы арқылы 3-6 жастағы балаларды қамту 81,6 %-дан 85,8 %-ға дейін өсті», - деп атап өтті Б.Сұлтанов.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына келетін болсақ  жоспардағы барлық 4 нысаналы индикаторы орындалды.

«Есепті жылы қалалық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 88 %-і, ауылдық елді мекендерде 52,3 %-і құрады. 2016 жылы 10 512,7 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, яғни жылдық жоспарға қатысты тұрғын үйді пайдалануға беру 146 % құрады», - деді Б.Сұлтанов.

Еліміздің бас қаржыгері хабарлағандай, «Агробизнес 2020» бағдарламасына 259 млрд.теңге пайдаланылды.

«Атап айтар болсақ, оның ішінде республикалық бюджеттен 123,1 млрд.теңге. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланған алқабы 10,9 млн.гектарды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметтерінің) жалпы шығарылу көлемі 5,5 %-ға ұлғайып, 3 615,8 млрд.теңгені құрады», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, «НҰРЛЫ ЖОЛ» бағдарламасына бюджет арқылы бөлінген 472 млрд.теңге толығымен игерілді. Ұлттық холдингтердің облигациялық қарыздары бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 207 млрд.теңгені құрады.

«Автожол саласын дамытуға 151,3 млрд.теңге бөлінді, ол жоспардан 100%-ті құрады. Жыл қорытындылары бойынша Астана -Теміртау, Алматы – Қапшағай және Астана – Петропавл бағыттары бойынша қозғалыс ашылды. 43 мың жұмыс орны ашылды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу бағыты бойынша 2 208 км инженерлік желілер салынды.  6 мың жұмыс орны ашылды», - деп түйді Б.Сұлтанов.

Барлық жаңалықтар