- Басты
- Жаңалықтар
- Ордабасы ауданында инвестиция көлемі 1 млрд 330 млн теңгеге артты
Ордабасы ауданында инвестиция көлемі 1 млрд 330 млн теңгеге артты
Аудан басшысының айтуынша, Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың 4 айында инвестиция көлемі 1 млрд. 330 млн. теңгені құраған.
«Ауданынмызда жоспарға сәйкес 15 гектар жылыжай құрылысын салу жоспарланып, бүгінгі күнге 7,2 гектар жылыжай құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы жоспар толық 100 пайызға орындалады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қарқынды су үнемдеуші технологиялары ендірілген егістік жердің көлемі –жалпы 4524 гектарды құрады. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында тамшылатып суару әдісі 624 гектарға жерге ендірілген», - деді А.Мамытбеков.
Айта кетерлік жайт, кәсіпкерлік саласы аудан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 29 пайызды құрайды. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 9 686-ға жеткен. Бұл құрылымдар бойынша 20 852 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Бұдан басқа, 2017 жылдың басынан бастап шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 4 айда 7 млрд. 068 млн. теңгеге жетіп, одан түскен салық көлемі 106 млн 100 мың теңгені құраған.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді