- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта салық саясаты мен салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері талқыланды
Сенатта салық саясаты мен салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері талқыланды
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметовтың айтуынша, салық саясатын жетілдіру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі және ол көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге, бюджет түсімдерін ұлғайтуға, бизнесті инвестициялауға ынталандыру мен әкімшілік кедергілерді қысқартуға бағытталған.
«Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жанама салықтарды өндіру тетіктерін жетілдіру, міндетті түрде кіріс пен шығыстың салықтық есебін жүргізу жөніндегі қолданыстағы салық тәртібін оңтайландыру міндеттері қойылды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық ахуалға бейімдеу қажеттігін атап өткен болатын. Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына ынталандыруға және шикізаттық емес сектордағы салық базасын кеңейтуге бағыттау керек», - деді сенатор.
Сондай-ақ ол қолданыстағы салық жеңілдіктерін оңтайландыру, жалпыға бірдей декларациялау қарсаңында арнаулы салық тәртіптерін қайта қарау қажеттігін айтты. Салық әкімшілендіру тетіктері де жақсартуды талап етеді. Соған байланысты Үкіметте «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) жаңа кодекс әзірленіп жатыр. Шара барысында салық саясаты мен шағын және орта бизнес субъектілеріне салық ауыртпалықтары, сондай-ақ салық әкімшілендірулерін одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Қаржы және бюджет комитеті отырысқа қатысушылармен бірлесе отырып дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Үкіметке жіберілетін ұсыныстарды әзірледі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды