- Басты
- Жаңалықтар
- Қайрат Мами: Мемлекетті жаңғырту жағдайында ұлттық кодты сақтап қалу маңызды
Қайрат Мами: Мемлекетті жаңғырту жағдайында ұлттық кодты сақтап қалу маңызды
«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, Қ.Мәми Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қазақстандықтардың ХХІ ғасырдағы ұлттық санасын дамытудың нақты жолдарын ұсынғанын және рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау қажеттігін атап көрсетті.
«Расында, қазіргі жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы төтеп бере аламыз. Сондықтан да қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтай отырып, біз қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін барынша дамытуға тиіспіз», - деді Жоғарғы сот төрағасы.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның көрнекті өкілдері қатысты.
Жарыссөз барысында сенатор Бектас Бекназаров, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, Сот төрелігі академиясының магистранты Ғылымбек Жұмажанов негізгі баяндамашылардың ұсыныстары мен ой-пікірлеріне қолдау білдірді. Олар латын әліпбиіне көшу, гуманитарлық білім жүйесін жаңарту, ұлттық мәдениетті шетелге таныту, «Туған жер» бағдарламасын, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асырудың маңыздылығын айрықша атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылардың тұжырымды ойлары мен ұсыныстарының негізінде «дөңгелек үстелдің» қарары қабылданды.
Ақбота Күзекбай
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары