- Басты
- Монако Князі Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға келеді (ФОТО)
Монако Князі Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға келеді (ФОТО)

Монако Князьдігінің ұлттық секциясы комиссарының орынбасары Александр Бокийонның айтуынша, көрме алаңында 25 маусымда Монаканың ұлттық күні өтеді және оған қос елдің жоғары дәрежедегі қонақтары қатысады.
«Ұлттық күннің басты қонақтары Монако Князі Альбер II мен оның қарындасы Стефания болады. Сонымен қатар, аталмыш жобаның бас спонсоры белгілі спортшы Александр Винокуров екенін атап өту керек. Ол көрме барысында күн энергиясынан жұмыс істейтін велосипедті таныстыратын болады», - деп ағынан жарылды А. Бокийон.
Павильонның ашылу салтанаты 10 маусымда өтсе, 12 маусымда павильон бойынша баспасөз туры өтеді. Қонақтар мен келушілердің назарына Монте Карло цирк өнерінің фестивалі ұсынылады, оған Монако, Қытай мен Қазақстанның 30-дан астам әртісі қатысады.
Сонымен қатар, көрме қонақтары Монако павильонында кафе мен дүкендерді аралай алады, онда Княздіктегі танымал компаниялардың өнімі ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Монако Князьдігі «Астана ЭКСПО-2017»ҰҚ»АҚ баспасөз турында өзінің көрме павильонын таныстырды.
Салтанат Сұрағанова
-
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі
-
Қазақстанда дайын өнім тауарларының экспорты артып келеді
-
Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, бірақ күзде жағдай өзгеруі мүмкін
-
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді
-
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды
-
ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді
-
Назарбаев: Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге "Самұрық-Қазынадан" келеді
-
Б.Нұрымбетов: Халықтың жұмыспен қамтылуы шілдеден бастап қалпына келеді
-
Қазақстанда пестицид, азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіру көлемі артып келеді
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)
-
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
-
Елбасы кітапханасының экскурсияны енді қашықтан тамашалауға болады
-
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)

