- Басты
- Монако Князьдігі ЭКСПО-2017 павильонымен таныстырды (ВИДЕО, ФОТО)
Монако Князьдігі ЭКСПО-2017 павильонымен таныстырды (ВИДЕО, ФОТО)

«Мен барлық жағынан үлгі боларлықтай ел туралы, әр түрлі модельдердің: өмір, даму, бейбітшілік модельдерінің көзіне айналатын ел жайында көп армандадым. Сондықтан, мен Монако ілгерілеу мен өркендеуге және қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға баса назар аударылатын әлем бейнесін біріктіретін өзінше қуатты державаға айналатынына сенімдімін», - деді А. Бокийон.
Ол Монако Князьдығы экологиялық хабардарлық және экологиялық іс-әрекет тұрғысында елдегі жобаларды іске асырудың интеллектуалдық тәсіліне баса назар аударатынын атап өтті. Монако павильонының тұжырымдамасы 2005 жылғы 12 шілдеде таққа отыру кезінде ханзада Альберт ІІ дәйексөзімен шабыттандырылған.
Сондай-ақ, павильонды жоспарлау және әзірлеу кезеңі 2 жылға созылып, оның құрылысына 3 млн еуро бөлінгені белгілі болды.
Екі қабатты павильонның жалпы ауданы 750 ш. м құрайды және қазіргі уақытта оның құрылысы 65% аяқталған. Спикер айтып өткендей, павильонды дайын күйінде тапсыру 30 мамырға жоспарланған.
Сондай-ақ, А. Бокийон көрме уақытында қызмет көрсететін персонал 60 адамнан тұратынын және оның 95%-ы қазақстандықтар болып табылатынын да атап өтті. Олардың көбі ағылшын тілімен қатар көптеген басқа да тілдерді меңгерген.
Еске сала кетейік, өздерінің тақырыптық павильондарын 100-ден астам ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым ұсынбақ.
Қайрат Жандыбаев
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды
-
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды
-
Әл-Фараби ғаламдық деңгейдегі философ – Ж.Ибрагимов (ВИДЕО)
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)
-
Әлеуметтік бизнес қаржырлы еңбекті қажет етеді – М.Аматов (Видео)
-
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
-
18 мамырда елордада қандай қызмет көрсету орындары ашылады (Видео)
-
Теміржол вокзалдары қандай тәртіппен жұмыс істеп жатыр (Видео)
-
Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы қалай жүруде (ВИДЕО)
-
Карантин: Елорда тұрғындарымен әдемі (Видео)

