- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында ҚР Президентінің мақаласын жүзеге асыру бойынша комиссия құрылды
Алматы облысында ҚР Президентінің мақаласын жүзеге асыру бойынша комиссия құрылды
Баяндамашының айтуынша, қазіргі кезде облыста қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия құрылған.
«Бұл комиссия қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары бойынша алты бағытта жұмыс істейтін болады. Оған қоса «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Басқару кеңесі, Сарапшылар кеңесі және хатшылық құрылып, жұмыс істеуде», - деді ол.
Ж. Омар атап өткендей, «Туған жер» бағдарламасының аясында өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленген. Оның ішінде «Менің Жетісуым» жерлес кәсіпкерлердің аймақты қолдау облыстық форумы, «Жетісудың жеті кереметі» таңдаулы тарихи-мәдени, өлкетану экспедициясы, түркітілдес мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық код және латын әліпбиі» тақырыбында халықаралық ғылыми практикалық конференциясы, «Жетісудың жастарға тартуы», білім беру ұйымдарына факультатив есебінен «Туған өлке тарихы және Өлкетану» пәнін енгізу бойынша жұмыстарды жандандыру, «Жетісудың әдебиет айдыны» атты облыстың ақын-жазушылармен кездесуі және басқа да шаралар қарастырылған. Сондай-ақ жақын арада арнайы интернет-портал, өңірлік жобалардың интерактивті картасы, қолдауға мұқтаждардың картасы, еріктілер корпусы құрылатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар