- Басты
- Жаңалықтар
- Г. Әбдіқалықова «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты көрмені аралады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Г. Әбдіқалықова «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты көрмені аралады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Іс-шараны Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Орталық исламның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін зерделеу, ислам құндылықтарын, мұсылмандық мәдениет мен өнерді ілгерілету мақсатымен 1983 жылы құрылған. Сонымен қатар, ол Сауд Арабиясының жетекші ғылыми және мәдени-ағартушылық орталығының бірі болып саналады.



Көрменің ашылу рәсімінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен ханзада Түрки әл-Фейсал әл-Сауд құттықтау сөз сөйледі.
"Мұндай көрме ТМД елдері аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Экспозиция Сауд Арабиясының Король Фейсал басқарған (1964-1975 жж.), сауд қоғамы өмірінің барлық саласына ықпал еткен ауқымды реформалар жүргізілген тұстағы тарихи кезеңіне арналған", - деп атап өтті сөз сөйлегендер.



Көрмеге сирек кездесетін тарихи жәдігерліктер, сондай-ақ Король Фейсалдың жеке өзі тұтынған заттары – қару-жарағы, марапаттары, архивтік құжаттары, фотосуреттері мен басқа да мұралары қойылған.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты кітап көпшілік назарына ұсынылды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы