- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» акциясы өтуде
ҚР Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» акциясы өтуде
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, шара барысында танымдық бағыттағы тақырыптық экскурсиялар, «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қол күрес» сынды спорттық ойындар ұйымдастырылып, бие байлау науқаны басталарда жасалатын «Қымызмұрындық» рәсімінен көріністер көрсетіледі.
Музей атриумында зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар сатылымға қойылатын жәрмеңке ұйымдастырылады. Фотосуретке түсуге арналған арнайы зал да жасақталады.
«Музейдегі түн» акциясы аясында Төрегелді Шарманов басқаратын Қазақ тағамтану акдемиясы әзірлеген бие сүтінен дайындалған шоколадтардың таныстырылымы өтеді.
1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында 18 мамыр – Халықаралық музей күні болып бекітілген. Аталған датаға орай 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілді.
Ұлттық музей ашылғалы бері «Музейдегі түн» акциясы 3 мәрте ұйымдастырылды. 2015 жылғы алғашқы акцияға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. Жыл басында наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған«Наурыз – жаңғыру нышаны» атты акцияғада астаналықтар мен қала қонақтары тарапынан қызығушылық мол болды.
Акция өнер әлемінің майталмандары қатысатын концерттік бағдарламамен қорытындыланады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды