Қазақстандық тұз Омбыға жеткізіледі

18 Мамыр, 2017 19:54
Ресей Федерациясындағы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілділігі Омбы сауда-өндірістік палатасымен бірлесіп Қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясын өткізді.

KAZAKH INVEST хабарлағандай, бұл сауда миссиясы Омбыда осымен 5 рет өткізілуде.   Бұған дейінгі шаралардың аясында қазақстандық өнімді Омбы облысының нарығына 20 млн долл астам қаржының өнімін жеткізу туралы келісім жасалды.

Сауда миссиясы бизнес-форум  форматында өткізілді, оған 25 қазақстандық азық-түлік  тауары мен құрылыс материалдарын  өндіруші, машина құрылыс, фармацевтика, қаптама, химия өнімі өндірісі саларындағы кәсіпорындардың өкілдері және қазақстандық өнімді сатып алуға мүдделі  100-ден астам омбы компаниялары  қатысты.

«Алдын ала қорытынды мәліметтер бойынша құны 5 млн доллардан асатын қазақстандық өнім экспорталатын болады», - деп сендірді «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясынан.

Сонымен, мысалы «Аралтұз»АҚ 100 млн рубльдің өнімін  құрамында 19 супермаркеті  мен жүзден астам дүкені бар омбылық сауда желісіне  жеткізу туралы келісімге қол қойды. 

Барлық жаңалықтар