- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның үздік мергендері «АрМИ-2017» сайысына дайындалуда (ФОТО)
Қазақстанның үздік мергендері «АрМИ-2017» сайысына дайындалуда (ФОТО)
Жарысқа қатысу үшін «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының сегіз әскери бөлімі мен десанттық-шабуылдау әскерлерінен 22 мерген келді. Байрақты додаға қатысуға келмес бұрын әскери қызметшілер өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдерінде қатаң іріктеуден өтті.
Ведомствоның хабарлауынша, сайыс екі кезеңде өтеді. 20 мамырда өтетін бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сайысқа қатысушылардың жалпы санынан 14 үздік мерген таңдалады. Оларға мамырдың 22-і мен 30-ы аралығында екінші кезеңнен өтуге тура келеді. Оның нәтижелері бойынша тек он мерген іріктелініп алынады.
«Бүгінгі сайыс барысында біздің мақсатымыз Қазақстанның құрамасына нәтижелерді жақсарту үшін жоғары әлеуеті бар анағұрлым дайындалған мергендерді таңдау болып тұр», - дейді сайыстың бас төрешісі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары Сабыр Каюмов.
Алдағы сайыстарға барынша жақындатылған жағдайлар мергендерге алған машықтарын пысықтауға, сенімділік пен табандылық қасиеттеріне тәрбиелеуге септігін тигізіп, «Мерген шебі» халықаралық байқауына оларды моральдық-психологиялық тұрғыда дайындайды.
Іріктелген он мерген осы жылғы тамыздың 1-і мен 10-ы аралығында 40-шы әскери базада өтетін «АрМИ-2017» сайысы шеңберінде «Мерген шебі» халықаралық байқауында Қазақстан Құрлық әскерлерінің намысын қорғайды.
Байқау үш кезеңнен, яғни, әрқайсысы бес жаттығуды қамтитын, оның біреуі түнде өткізілетін «Жеке сынақ» пен «Жұп сынақ», сондай-ақ «Топтық сынақтан» тұрады. Осы кезеңдердің жаттығулар қатарында сынаққа оқ ату, қорғаныстағы мерген, шабылдау мен торуылда, мерген биатлоны, әуе нысанасы бойынша оқ ату, арнайы оқ ату, патрульдердің жарысы, сондай-ақ «тауып алып, жою» жаттығуы бар.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер