- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезін өткізу күні белгіленді (ФОТО)
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезін өткізу күні белгіленді (ФОТО)
«Бізде екі күн бар - 5-6 қыркүйек немесе 10-11 қазан. Тамызда дайындалуға уақыт аз болады. Қарсы болмасаңыздар, 2018 жылғы 10-11 қазанды белгілер едік», - деді Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дегенмен, сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Съезді өткізу күнінің белгіленген күніне қатысты пікірін айтты.
«2018 жылғы 10-11 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Съезд көшбасшылары Астанада жиналады. Күнін белгілеу кезінде Съезд жұмысына барлық қатысушылар қатыса алуы үшін әр түрлі діни, конфессиялық мерекелер де ескерілді. Сондықтан, жалпы келісім бойынша екі күн таңдалып, оның біреуі (2018 жылғы 10-11 қазан) бекітілді», - деп ақпараттандырды вице-министр.
Е.Ашықбаев атап өткендей, съезд діни көшбасшылардың сұхбатына арналған алаң ретінде басталған болатын.
«Бесінші Съезд 2015 жылы басталып, саяси көшбасшылар диалогын жалғастыруға арналған болатын. Бұл терроризм, экстремизм, радикализм мәселелері, климаттың өзгеруіне қатысты проблемалар. Осы диалог одан әрі жалғасын табады және Съезд қазіргі күн тәртібінің анағұрлым өзекті мәселелері бойынша шешімдерді ілгерілетуде діни көшбасшылардың пікірлерін шоғырландыру бойынша жұмыс жасайтын болады», - деді спикер.
Еске сала кетейік, бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Хатшылығының XVI отырысы өтті, оған әлемдік және дәстүрлі діндердің 40-қа жуық өкілі шақырылған болатын.
Ақбота Күзекбай
Фото Абзал Қалиев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар