- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанға 2005 жылдан бастап 242 млрд долл инвестицияланды (ФОТО)
Қазақстанға 2005 жылдан бастап 242 млрд долл инвестицияланды (ФОТО)
«Қазақстанға 2005 жылдан бастап 2016 жылдың аяғына дейін барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен біздің белсенді бизнес қауымдастығының бірлескен әрекеттерінің арқасында 242 млрд долл тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның ішінде статистикаға сәйкес 20,6 млрд долл өткен жылы тартылған. Бұл айтарлықтай үлкен көрсеткіш, себебі жаһандық нарықта тікелей инвестицияларға деген сұраныс өте жоғары, оның үстіне жаһандық деңгейде экономикалық төмендеушілік жалғасуда», - деді Қ. Абдрахманов.
Министр хабарлағандай, 2016 жылы СІМ сауда экономикалық-инвестициялық тақырыпта 300-ден астам шаралар өткізіп, Қазақстанға шетелдік делегациялардың және қазақстандық делегацияның шетелге 600-ден астам сапарын ұйымдастырды.
«Айта кетерлік жайт, инвестиция тарту және экономикалық дипломатияны дамыту жұмыстарын Мемлекет басшысы өзі атқаруда деуге болады. Себебі Елбасы өзінің ресми сапарларының барлығында бизнес қауымдастығымен кездесуді жоспарлайды және коммерциялық келісімге қол қоюды қолдайды. Мысалы, 2016 жылы Мемлекет басшысының Иранға сапары аясында жалпы сомасы 1,4 млрд долл болатын 48 келісімге қол қойылды. Ал, Түркияға сапары аясында құны 520 млн долл болатын 20 құжатқа, Сауд Арабияда құны 200 млн долл болатын 10 келісімге, Жапонияда құны 1,2 млрд долл болатын 13 құжатқа, Оңтүстік Кореяда құны 640 млн долл болатын 24 келісім шарт жасалды», - деп хабарлады Қ.Абдрахманов.
Сонымен қатар ол атап өткендей, Елбасының БАӘ сапары аясында 6, 3 млрд долл бірлескен инвестициялық жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Қайрат Жандыбаев
Фото Шыңғыс Қаппаров
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды