ЕАЭО елдерінде электрондық көлік паспорты жүйесі енгізілмек

18 Мамыр, 2017 16:34
ЕАЭО елдерінде электрондық көлік паспорты жүйесі енгізіледі, бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінде электрондық көлік құжаттары жүйесін енгізу қажеттігін тағы растады және Одақ елдерінің үкіметтеріне жүйені тәжірибелі пайдаланудың басталуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тұлғаларға электрондық инфрақұрылымды пайдалануға мүмкіндік беру үшін қажетті бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылдауды ұсынды. 

Атап айтқанда, электрондық паспорт жүйелерінің әкімшісімен өзара іс-қимылды, ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастырып, енгізуді қамтамасыз ететін ұлттық органдар анықталуы тиіс.

«Осы саладағы басқа нормативтік актілерде электрондық паспорт болған кезде көлік құралдарына қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігі; паспортты ресімдеу және оған өзгерістер енгізу кезінде мемлекеттік билік органдары және электрондық паспорт жүйелерінің әкімшісі ұсынатын қызметтерге ақы төлеу тәртібі мен мөлшері белгіленеді», - деп нақтылады ЕЭК. 

Бұдан бөлек, Одақ елдерінің ұлттық үкіметтерінің өтініштеріне байланысты, ЕЭК Кеңесі Комиссия Алқасына техникалық паспорттардың электрондық жүйесіне көшу мерзімін және жүйені тиімді пайдаланумен байланысты бірқатар өзге де мәселелерді қарастыруды тапсырды. 

Барлық жаңалықтар