• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында суаруға арналған су жүйесін субсидиялау бойынша мөлшерлеме өзгеретін болады

Атырау облысында суаруға арналған су жүйесін субсидиялау бойынша мөлшерлеме өзгеретін болады

18 Мамыр, 2017 15:02
Атырау облысында ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін суаруға арналған су жүйесі жаңа мөлшерлеме бойынша субсидияланатын болады, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аймақтың ерекше климатына байланысты, мемлекет субсидиялайтын судың бір текше метр құнының 50%-ының жеткіліксіздігіне наразылық білдіруде.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерге осы бағыт бойынша жұмыстар басталып кеткенін атап өтті.

"Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру қажеттігі бойынша тапсырмасын басшылыққа ала отырып, ауыл бизнесін тартымды, жайлы және барынша қолжетімді еті үшін біз барлық күшімізді осы бағытта жұмсауымыз керек", - деді аймақ басшысы.

Тимур Құлыбаев өз кезегінде, әрбір облыстың өзіндік ерекшелігі барын және ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен біріге отыра бизнеске арналған қолайлы жағдай жасау мақсаты бар екендігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар