- Басты
- Жаңалықтар
- "Астана Опера" Ресейдің Үлкен театрымен ынтымақтастық орнатпақ
"Астана Опера" Ресейдің Үлкен театрымен ынтымақтастық орнатпақ
Ресейдің басты ұлттық театры – атақты Үлкен театр Қазақстандағы үздік «Астана Опера» театрымен тығыз ынтымақтастық жасайды. Мәскеуде өткен екі жақты келіссөздер нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдау көрсетуімен жүзеге асты.
«Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров және Ресейдің Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин қол қойған меморандумға сәйкес, тараптар бірнеше бағыт бойынша серіктестікті дамытады. Келіссөз барысында бірқатар жобалар талқыланды. Мамандармен, әртістермен, орындаушылық ұжымдармен өзара тиімді тәжірибе алмасумен қатар алдағы жоспарға гастрольдерді, бірлескен қойылымдарды ұйымдастыру, екі театрдың жетекші солисттерінің шеберлік сабақтарын өткізу және музыкалық байқаулар мен фестивальдарға қатысу кіреді.
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рухани жаңғыру жөнінде атап өткен міндеттерінің бірі, заманауи қазақстандық мәдениетті әлемдік кеңістікке паш ету болып табылады. Бұл Елбасы айқындап бергендей, ұлттық мәдениеттің үздік туындыларын таңдап қана қоймай, оларды шетелде танытатын өте маңызды және көп еңбекті қажет ететін жұмыс. Меморандумға қол қою Мәдениет және спорт министрлігінің Елбасымыздың стратегиясын іске асыруға бағытталған жоспарларының бір бөлігі», - деп атап өтті Ғалым Ахмедьяров.
Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театры – аталған елдің театр өнерінің дамуына ықпал еткен ресейлік және әлемдік музыкалық мәдениет дәстүрлерін танытушы. Оның негізі 1776 жылғы 28 наурызда қаланған.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
Қазақстан және Канада: келешегі мол ынтымақтастық -
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай -
Қазақстан-Белаpусь: Көшi-қон бойынша ынтымақтастық туpалы келiсiм pатификацияланды