• Басты
  • Қазақстан халқының Ассамблеялары экономикалық даму саласында үлкен әлеуетке ие

Қазақстан халқының Ассамблеялары экономикалық даму саласында үлкен әлеуетке ие

18 Мамыр, 2017 10:57
Ұлт жетістігінің себепкері - адамның бәсекеге қабілеттілігі, адами капитал. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық ХХІІ сессиясында айтты.

Өңірлік Ассамблея жұмысының негізгі бағыттарын айта келіп, облыс әкімі бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу, бірілік пен ынтымақтастық сынақ кезінде ерекше көрініс табатындығына назар аударды.

«Әрбір адам, әрбір отбасы проблема мен қайғыдан сақтандырылмаған. Біреуде қайғылы жағдай орын алса, біз бәріміз келіп, қолдау көрсетеміз. Біздің халқымыз бен дәстүріміз сондай. Биылғы жылдың көктеміндегі су тасқыны кезінде орын алған жағдайға байланысты да соны айтуға болады. 300-ден астам үйге су кірді. Су тасқыны басталғаннан қандай дінді ұстанатындығына, ұлтына қарамастан барлық адамдар келіп, көмек көрсеткенін көрдік. Ешқандай шақырусыз-ақ, үндемей келіп, біздің халқымыз қандай екенін танытты. Біздің еліміздің түкпір-түкпірінен осы күнге дейін көмек келіп жатқандығын да көріп отырмыз»,- деді облыс әкімі.

Құмар Ақсақалов 25-ші мерекелік сессияда Мемлекет басшысы Ассамблеяның алдына жаңа келешекті міндеттер қойылғанына жиналғандардың назарын аударды. Мысалы, Президент Ассамблеяның тікелей қатысуымен жүзеге асырылатын бірқатар жобаларды айқындады.

«Қай этносқа жататындығына қарамастан, барлық қазақстандықтарға «Малая Родина» - «Туған жер» жобасы өте жақын. Солтүстік Қазақстанның жері кәсіби-аграршылардың тұтас тобын өсіріп шығарды. Біз олардың барлығын жақсы білеміз. Ол – Серік Малаев, Геннадий Зенченко, Еркебұлан Мәмбетов, Юрий Шоль. Бұл адамдар бүгін ауыл шаруашылығын дамытып, мал шаруашылығымен айналысуда, заманауи технологияларды енгізуде, адамдарға көмектесуде, әлеуметтік сала нысандарына қамқорлық жасауда және т.б. Бұлар әр ұлттың адамдары, бірақ олар бір-ақ мақсатқа – адамдарға көмектесуге және ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын дамытуға біріккен»,- деді Құмар Ақсақалов.

Барлық жаңалықтар