Алматының Алмалы ауданында қарқынды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

18 Мамыр, 2017 10:12
2017 жылы Алмалы ауданында 4 балабақшаның, 1200 орынға есептелген мектептің, сонымен қатар 120 орынды қамтитын балабақша мен 50 орындық шағын-орталықтың құрылысы және 320 орынға дейін қуаттылықты арттыру арқылы балабақшаны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша ағымдағы жылы 34 мекен-жай бойынша 10 көшелер мен тротуарларға жөндеу жұмыстары, 19,7 шақырым қашықтықты жарықтандыру жоспарланған және 80 аула аймағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжатнама жасақталды.

Сонымен қатар, Арбаттағы «Переговорный» субұрқағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бүгінде ұзындығы 7,8  шақырым арық желілері мен кәріз жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжатнама дайындалуда.

Жалпы, қаланың келбетін жақсарту үшін заңды тұлғалар мен ПИК есебінен басты даңғылдардың бойныша орналасқан 5 тұрғын үй жөнделді. «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл басынан 5 тұрғын үйдің 13 жедел сатысы ауыстырылды. 

Барлық жаңалықтар