- Басты
- Жаңалықтар
- «Туған жер» бағдарламасының сараптамалық кеңесі бірінші отырысын өткізді
«Туған жер» бағдарламасының сараптамалық кеңесі бірінші отырысын өткізді
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында беделді қоғамдық және ғылыми қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жетекші сарапшылар мен мамандар санынан тұратын Сараптамалық кеңес құрылды. Сараптамалық кеңес «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдерін қарастырды, ол «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» атты төрт кіші бағдарламадан тұрады. Көрсетілген кіші бағдарламаларды іске асыру 14 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі, олардың әрқайсысы бойынша тиісті жобалар мен іс-шаралар іске асырылатын болады.
Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында жобалық басқару әдіснамасын қолдану туралы шешім қабылданғанын айта кету қажет.
Отырыс барысында Сараптамалық кеңес мүшелері тұжырымдамалық тәсілдер бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар берді.
Қорытындылай келе, Сараптамалық кеңес төрағасы – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е. Сыдықов талқылаудың құрылымдылығын және оның «Туған жер» бағдарламасының тұжырымдамалық тәсілдерін жетілдіру бойынша пайдалылығын атап өтті және Сараптамалық кеңес мүшелеріне сарапшылар мен консультанттар ретінде жобалық топтардың жұмысына, сондай-ақ іске асырылатын жобалардың қоғамдық мониторингіне белсенді қатысуды ұсынды.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті