- Басты
- Жаңалықтар
- 1 маусымнан бастап теміржол вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі
1 маусымнан бастап теміржол вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі
Сонымен, биыл 1 ақпаннан бастап Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында тексеру енгізілді. Ал 1 сәуірден бастап Астана қаласы вокзалында тексеру ұйымдастырылды.
Қалған 15 вокзалда (Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Бейнеу, Шу, Семей, Петропавл, Павлодар) тексеру 2017 жылдың 1 маусымынан енгізіледі.
Елордада жаңадан пайдалануға берілетін «Астана - Нұрлы жол» вокзалында да осындай қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазанда бекітілген Ережеге сәйкес, террорлық қауіп-қатердің қандайда бір қауіптілік деңгейі жарияланбаған немесе қауіптің орташа деңгейі («сары») жарияланған жағдайда, жолаушылар мен келушілердің заттары, оның ішінде қол жүктері мен багаждары ішінара тексерілетін болады.
Ішінара тексеру қағидасы көлік инфрақұрылымы нысанындағы тексеру пункті қызметкерлерінің күдігін тудырған жолаушыларға және келушілерге, олардың заттары мен қол жүктеріне, багаждарына қолданылады.
Қауіптің жоғары («қызғылт сары») және өте қатерлі («қызыл») деңгейі жарияланған жағдайда барлық жолаушылар мен келушілер, олардың қолындағы заттары, оның ішінде қол жүктері мен багаждары тексеріледі.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады -
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады -
Қазақстанда автомобиль, теміржол, авиaция сaлaсында қaндай өзгерістер орын алмақ -
3 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін -
Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды -
Өзбекстанда 1 шілдеден бастап карантин күшейді -
Елімізде электр энергиясының шекті тарифтері 1 шілдеден бастап өзгереді -
23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақшалар жабылады