- Басты
- Жаңалықтар
- Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Орталықта кезекші прокурорлар азаматтарды қабылдауды жүргізеді, сондай-ақ, кеңес беріп, өтінішерді жазу барысында көмек көрсетеді. Азаматтарды барлық деңгейдегі прокуратура басшыларының қабылдауына жазылуға мүмкіндік көзделген. Азаматтар өтініштерінің қаралу барысы жайлы ақпарат пен жауаптардың көшірмелерін ала алады.
Азаматтарды қабылдау орталығы күту орындарымен және электрондық кезекпен жабдықталған. Келушілердің жайлылығы үшін кофе-аппараты мен диспенсер орнатылған. Сонымен қатар, залда қабылдау кестесі мен ережелері, сондай-ақ, өтініштердің үлгісі бар ақпараттық тақтайшалар ілінген.
«Азаматтарды қабылдау орталығы ағымдағы жылдың сәуірінен бастап тестілік режимде жұмыс жасай бастады. Біз бүгін ресми түрде оның тұсауын кесіп отырмыз. Бұл халықпен жұмыс жасаудың сапасын жақсарту қадамдарының бірі болып табылады. Жылдың аяғына дейін өңірлерде де осыған ұқсас жағдай жасауды жоспарлап отырмыз»,- деп атап өтті Бас прокурордың аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен.
ҚР Бас прокуратурасының 115 сall-орталығы да жаңартулардан тыс қалмады, бизнес-процестер жетілдіріліп, персонал оқу курстарына өтті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады