- Басты
- Жаңалықтар
- Үздік алматылық оқушылар мен мұғалімдер «ЭКСПО-2017» көрмесіне тегін барады
Үздік алматылық оқушылар мен мұғалімдер «ЭКСПО-2017» көрмесіне тегін барады
17 Мамыр, 2017 15:57
Алматылық кәсіпкерлер оқушыларға, студенттерге, Алматы қаласының мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына «ЕХРО-2017» көрмесіне арналған 1000 билет сыйлайды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.
«Бақытты билет» жұмыс күндерінің бірінде көрмені тегін барып көруге және заманауи технологияларға қосылуға мүмкіндік береді.
«Билеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқушылар мен студенттерге беріледі. Бұдан басқа, «Жыл мұғалімдері» және ғылыми жобаларға жетекшілік ететін оқытушылар көрмені тегін барып көреді», – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша «Астана Экспо-2017» жедел штабының басшысы Самғат Ермекбаев.
Оның айтуынша, меценаттар «Астана Экспо-2017» алматы штабына оқушылар үшін 200 билет, мұғалімдер үшін – 300 билет, студенттік жастар мен ЖОО оқытушылары үшін – 500 билет сатып алу бастамасымен өтініш жасады.
Бір билеттің құны – 4 000 теңге.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері