- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан» телеарнасы ЭКСПО-2017-ден тікелей трансляция жүргізетін болады
«Қазақстан» телеарнасы ЭКСПО-2017-ден тікелей трансляция жүргізетін болады
Хост-бродкастер барлық 93 күн бойы Көрме аумағынан телевидение және радио арқылы хабар тарататын болады. Барынша көп аудиторияны тарту мақсатында «Қазақстан» телеарнасы Көрменің алғашқы күнінен бастап, халықаралық шара өз жұмысын аяқтағанша тікелей эфирде трансляция жүргізетін болады. Телевизиялық сигнал алдын ала берілген өтінімдер бойынша Көрменің Медиа Орталығына, ҚМО және шетелдік ақпарат құралдарына беріліп отырады.
Ұлттық компанияның мәліметі бойынша, күн сайын Халықаралық Көрме аумағында 10 және 5 камера жұмылдырылған 4 ЖТС (жылжымалы телевизия стансалары), 2 МСС (мобильдік спутник стансалары), жылжымалы кейстер базасындағы 4 ЖТС жұмыс істейтін болады. Жалпы Экспо-2017 ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыруға «Қазақстан» РТРК» АҚ барлық техникасы мен 146 техникалық қызметкері жұмылдырылады.
Айта кетерлігі, Live-режимде шараның Ашылуы салтанатынан хабар таратуға бірнеше еуропалық және америкалық арналар өтінімдерін алдын ала беріп қойды.
«Астана «ЭКСПО-2017» бродкастингін ұйымдастырудағы басты ерекшелік – тиісті аймақтық телеарналардан бастап, халықаралық телеарналардың барлығы Көрмедегі «картинаны» тегін пайдалана алатын болады.
Сонымен қатар, «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында 2017 жылғы 02 мамырда тиісті келісімшартқа қол қойылды.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады -
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады -
Мұнай және газ жер қойнауларын аукционда қалай сатып алуға болады