- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО негізінде Жасыл технологиялар орталығы құрылады
ЭКСПО негізінде Жасыл технологиялар орталығы құрылады
Қазақстанның Энергетика министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп Астанадағы Жасыл технологиялар орталығы тұжырымдамасын жасақтады.
Орталық ЭКСПО негізінде бірнеше жыл ішінде құрылады және ол бірінші кезекте орталықазиялық аймақта жасыл технологиялардың дамуына оң әсер ету керек.
Соспанованың айтуынша, орталық Орталық Азияға — Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, сонымен қатар Иран, Ауғанстан, Моңғолия мен Әзербайжанға бағытталады және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдерімен, Еуропалық одақпен, Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, мен Латын Америка мемлекеттерімен ынтымақтастық орнатылады.
«Орталықта жасыл экономиканың сегіз секторы бойынша жұмыс істеледі, олар жасыл технологиялар трансфертіне, ғылыми-технологиялық ортаны қалыптастыруға, ел саясатын жасақтауға арналады», - деп түсіндірді ол.
Айта кетерлік жайт, «Жасыл» технологияларды дамыту бойынша халықаралық орталықты және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы ұсынысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында жариялаған болатын.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы