- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда Чехиямен бірлесіп Мұз сарайы салынады
Ақтауда Чехиямен бірлесіп Мұз сарайы салынады
Әкімдіктің ақпараты бойынша, кездесуде алдағы уақытты бой көтермек Мұз сарайының құрылысы талқыланды. Жоба құны 4 млрд теңгені құрайды. Құрылыстың жобасын ұсынған Чехияның Брно қаласындағы «Н+H TECHNIKA» компаниясы. Бұл компания Еуропа мен Ресейдегі сырғанауға арналған ғимараттар тұрғызуымен танымал.
Бұл «Н+H TECHNIKA» компаниясының мемлекеттік -жеке меншік әріптестік аясында атқарып жатқан алғашқы жобасы. Оған бөлінген 4 млрд теңгенің 70%-ы компанияға тиесілі болса, қалған 30%-ы мемлекет қаржысы.
Көпсалалы мұз сарайын тұрғызу үшін Ақтау қаласының 32 шағын ауданынан 1,5378 га жер бөлінген. Жоба аясында халықаралық стандартқа сай мұз айдыны, 2500 орындық көрермен залы, фитнес-зал, конференц-зал, баспасөз орталығы, дәмхана, мейрамхана салу да көзделіп отыр.
"Хоккей, мәнерлеп сырғанаудан өзге қысқы спорт түрлерін дамытуды көздеп отырмыз. Жергілікті мамандарды дайындау мақсатында халықаралық дәрежедегі жаттықтырушыларды әкелу де жоспарда тұр. Конькиді жалға беру жұмыстары ұйымдастырылады. Зал көлемі үлкен, сондықтан онда баскетбол, шағын футбол, гимнастика секілді спорт түрлерімен айналысуға толық мүмкіндік бар. Спорттық құрал-саймандар сатуға арналған дүкендер де іске қосылмақ. Зал мен мұз айдыны мерекелік шаралар кезінде де қолданылатын болады. Нысан құрылысын жергілікті мамандар жүргізеді, ал материалдар сырттан әкелінеді. Барлығы 121 жұмыс орны қарастырылған. Бірақ құрылыс уақытында және нысанды пайдалану кезінде қосымша жұмыс орындары болады», - дейді «Н+H TECHNIKA» компаниясының директоры Сергей Матвиенко.
Бұл жоба облысымыз үшін өте маңызды. Келісімдер жүргізілді, құрылысты аяқтау мерзімі – бір жарым жыл. Нысан аяқталған соң әкімшілік құзырына тапсырылады, алайда, чех компаниясының басқаруында болады. Сарайдағы залдар мәдени, спорттық шаралар, көрмелер т.б. кештер өткізу мақсатында да қолданылатын болады, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Кездесу қорытындысында облыс басшысы Ералы Тоғжанов орынбасары Ш. Илмуханбетоваға аталмыш Мұз сарайының құрылыс жұмыстарын қадағалап, белгіленген межеде аяқтауды тапсырды.
-
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады -
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады -
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады -
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады -
Шымкентте жылыжай кешені салынады -
Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады -
«Нұрлы жер» аясында Қарағанды облысында 5100 тұрғын үй салынады -
Атырау облысында “Нұрлы жол” бойынша 6,5 мың тұрғын үй салынады -
А. Мамин әкімдерге ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
-
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады -
Депутаттар Ақтаудағы ауыз су тапшылығын жою қажеттігін атап өтті -
Қазақстанда бес жыл ішінде 10 мың км автожол жөндеуден өтеді және салынады -
Азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіпті экспорттайтын 78 жаңа кәсіпорын салынады