- Басты
- Жаңалықтар
- Швейцарияның іскерлік топ өкілдері Қазақстандағы инвестициялық ахуалмен танысты
Швейцарияның іскерлік топ өкілдері Қазақстандағы инвестициялық ахуалмен танысты
Іс-шара Қазақстандағы инвестициялық және іскерлік ахуалға, сондай-ақ алда Астанада өтетін көрмеге арналды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Швейцарияның денсаулық сақтау, «жасыл» энергетика, энергия тиімділігі, жел электр станциялары және қаржы секторы сияқты қызметтің түрлі салаларындағы ресми, ғылыми және іскерлік топтарының 50-ден астам өкілі қатысты.
Жанар Айтжанова Қазақстанды жаңғыртудың негізгі басымдықтары, инвестициялық ахуалды жетілдіру шаралары, швейцариялық инвестициялар мен технологияларды тарту, Швейцария кантондары мен Қазақстан облыстары, сондай-ақ екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы өңірлік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Швейцарияның Федералдық Сыртқы істер департаментінің саяси дирекциясының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Николас Брюль мен Швейцарияның Федералдық жиынының Кантондар кеңесінің депутаты, «Швейцария-Қазақстан» Парламентаралық тобының тең төрағасы Филиппо Ломбарди екіжақты ынтымақтастықтың артып келе жатқанын атап өтіп, оны дамыту перспективаларымен бөлісті.
«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Швейцария Комиссары Мануель Сальхли алда өтетін көрмедегі Швейцарияның павильонын таныстырды және оның мазмұны жайлы айтты.
Ғылыми ынтымақтастық та дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптарының бірі болды. Берн, Цюрих Қолданбалы ғылымдар университеттерінің және Женева университетінің басшылығы қазақстандық серіктестермен өзара іс-қимылға және ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мен студенттер алмасуға аса қызығушылық танытты.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар ағымдағы деңгейге және екіжақты ынтымақтастық перспективаларына, сондай-ақ қазақстандық экономиканы жаңғырту бойынша ел басшылығының шараларына жоғары баға берді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары