Қорғаныс министрлігінде үздік командирлерге құрмет көрсетілді

17 Мамыр, 2017 09:12
Астанада қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылық етуімен ҚР Қарулы Күштерінің командалық құрамымен кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес барысында Қорғаныс министрі үздік нәтижелерге қол жеткізген үздік взвод және рота командирлерін көтермеледі.

Ведомствоның ақпараты бойынша Қарулы Күштердің үздік бөлімшелері ретінде 558 взвод (топ), 204 рота (батарея) және 87 батальон (дивизион) басқармасы атанған.

Сонымен, Жауынгерлік даярлықтағы керемет көрсеткшітері, әскери міндетті үлгілі орындағаны және 2017 оқу жылының қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша 1-дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен аға лейтенант Е.Б. Исаков, аға лейтенант А.А. Минко және лейтенант С.Т. Дәуленов, 2-дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен аға сержант Д.Х. Жұмақанов, сержант М.А. Дүрәлиев, 2-сыныпты старшина Б.О. Жұмағұлов, кіші сержант А.Х. Қабаев, ҚӘ ӘИ 4-курс курсанты Д.А. Байжұма, ҚӘ ӘИ 4-курс курсанты А.А. Әлібеков, ӘҚК ӘИ 4-курс курсанты С.Б. Арын, ӘҚК ӘИ 4-курс курсанты А.Ж. Баймұрат, РЭБӘИИ 5-курс курсанты Қ.Т. Жұбандықов, РЭБӘИИ 5-курс курсанты Т.И. Мұқатаев марапатталды.

Бұдан басқа, қысқы оқыту кезеңіндегі жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері үшін 25744 әскери бөлімі артиллериялық дивизионының командирі майор Б.С. Сиезбаев пен 32363 әскери бөлімі материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының командирі майор Г.А. Тасбаевқа мерзімнен бұрын «подполковник» әскери шені, 44803 әскери бөлімі зениттік-зымыран дивизионы бастапқы батареясының командирі капитан Е.Т. Жаманбалаевқа «майор» атағы, 53898 әскери бөлімі қауіпсіздік бөлімінің аға ұшқышы-нұсқаушысы (инспекторы) аға лейтенант Д.Т. Байтілесовке «капитан» әскери шені берілді. 

Барлық жаңалықтар