- Басты
- Жаңалықтар
- Голландия көзқарасы және жел энергиясы: Нидерланды ЭКСПО-2017-ге не ұсынады?
Голландия көзқарасы және жел энергиясы: Нидерланды ЭКСПО-2017-ге не ұсынады?
Нидерланды Корольдігінің ЭКСПО-дағы павильоны Голландияның көзқарасын ұсынады. Павильон голландиялықтардың болашақ энергиясын жасақтауда пайдаланатын барлық технологиялары мен әдістерін паш ететін болады.
«Бүкіл әлем бойынша күн энергиясы саласындағы шешімдердің жартысынан көбі голландиялық технологияны пайдаланады. Мейлі ол чип, бағдарламалық қамтамасыз ету немесе инновациялық компоненттер болсын, олардың барлығы Нидерландыдан шыққан деуге болады. Егер сіз Амстердамға ұшқан болсаңыз және Схипхол әуежайына қонсаңыз онда үлкен желпаркін көрген боларсыз. Ол Солтүстік мұхитта орналасқан және желден энергия өндіреді», - деді директор.
Ол атап өткендей, Нидерланды жеке сектормен бірлесіп қаржы мен инвестицияның басым бөлігін жел энергиясын өндіруге бағыттау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде, Солтүстік теңіздегі жел паркі 2020 жылға қарай 6 мың мегаватт энергияны немесе мемлекет сұранысының 15% қамтуға мүмкіндік береді.
«Біз ұзақ уақыт бойы сумен күресіп келдік. Біздің елдің аумағының жартысы теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Осы ретте біз табиғат күшімен үйлесімділікті тауып, бұл мәселенің шешімін таптық. Бұл біздің голландиялық көзқарастың негізіне және біз үшін су бірегей энергия ошағына айналды. Біз болашаққа қараймыз және түрлі шешімдерді табуға тырысудамыз. Біздің энергия – біздің көзқарас. Біздің мемлекет шағын болғанымен жеткен жетістіктері бірегей», - деп мәлімдеді Э. Бяйл.
Ұйымдастырушылар қызғалдақтар елінің болашақ энергиясын жасақтауда қандай әдіс, тәсілдерді пайдаланатыны туралы павильоннан біле алады.
Павильонда үш түрлі аймақ бар, олар нидерландылық көзқараспен танысуға мүмкіндік береді.
«Бірінші аймақ – кіреберіс, онда келушілер біздің шығармашылық және инновациялық тұрғыдағы жетістіктерімізбен, көзқарасымызбен таныса алады. Содан соң, келесі залға өтеміз – бұл орталық аймақ, онда біздің көзқарасымызды сезінуге болады. Ол біздің павильонның бірегей технологиялық құрамы. Осы залда барлық энергия жиналған. Онда барынша көп голограммалар, видео, 3D форматындағы шоу және дыбыс болады», - деп хабарлады спикер.
Оның айтуынша, келушілерге өз бойындағы энергиясын сынақтан өткізу мүмкіндігі беріледі.
«Бұл залдың ақпарат бойынша ауқымы кең. Ол интерактивті болып табылады және қызықты элементтерге бай. Атап айтар болсақ, Holland Innovation Challenge элементі өте қызықты. Бұл жоба Нидерланды мен Қазақстан жастарының бірлескен жұмысы, онда қоршаған орта саласындағы мәселелерді шешу және инновациялық технологияларды сәйкесінше пайдалану жолдары қарастырылады», - деп атап өтті ол.
Дәл осы жерде аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстың нәтижелері 360 градус үлгісіндегі бейне жазбада көрсетіледі.
«Келесі аймақта интерактивті орындық таныстырылады, онда ауыл шаруашлығы, қоршаған орта, жеделділік мен жасыл энергия салаларында пайдаланылып жүрген түрлі инновациялық технологиялар мен шешімдер көрсетіледі. Сәйкесінше бізде шағын дүкендер, асханалар болады, сондықтанда баршаңызды біздің павильонды көруге шақырамыз», - деп толықтырды спикер.
Павильонға келушілер ертеңгі күнді қалыптастыратын көзқараспен таныса алады.
«Әрине, біз әлемнің сандық болып бара жатқанын түсінеміз. Шағын мемлекет – біздің павильонның сюжеттік желісі, ол физикалық кеңістіктің ғана емес, сан әлемінің тарихы болып табылады. Веб-қосымшалар арқылы қонақтарға түрлі мүмкіндіктерді көрсетеміз. Өзіміздің www.NLEXPO2017.com қосымшамызды жақын арада іске қосатын боламыз», - деді Эвелин Бяйл.
Айта кетерлік жайт, Нидерланды Корольдігінде 22 маусымда Ұлттық ЭКСПО күні өтеді. Нидерландының экономика министрі Holland Innovation Challenge семинары аясында Қазақстан мен Нидерланды Корольдігінің павильондарын аралап шығады.
Павильон бір уақытта 70 адамды қабылдай алады және оны қонақтар 20 минуттың ішінде аралап бітіруі мүмкін.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады