БҚО-да бизнестен қазынаға түскен табыс 36%-ға артты

17 Мамыр, 2017 08:46
Батыс Қазақстан облысында бизнестен қазынаға түскен табыс 36%-ға артты. Бұл туралы аймақтық палатаның жетекшісі Нұрлан Қаиршин хабарлады.

Егер Батыс Қазақстан облысында 37 мыңға жуық бизнес субъектілері болса, одан үш есе көп адам кәсіпкерліктен нәпақасын айырып отыр. Өткен жылы 163 өтініш білдіріліп, оның жартысы бойынша мәселе оң шешімін тапты. Ақшалай айтатын болсақ,  кәсіпкерлердің құқығы 565 млн теңгеге қорғалды, деп атап өтті Н. Қаиршин.

Өз мәселесін шешу үшін кәсіпкерлер «Атамекен» ҚР ҰКП-ға шағымданып келеді. Бизнес субъектілерін көбіне жер, аймақтарда құрылыс жүргізу үшін рұқсат беру процедуралары мен салықтық тексерістер және мемлекеттік сатып алу мәселелері толғандырады.

ҚР ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Оралдың бизнес-қауымдастығымен кездесу барысында аталмыш сұрақтарға «Атамекеннің» ерекше басымдық беріп отырғанын тілге тиек етті.

Ұлттық палатаның басшысы мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндіруші алдыңғы қатарда болуы керектігін ескертті.

Сонымен қатар, осы тауар өндірушілердің мемлекетт және мемлекеттік сыңайлы сектордың мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділігі мен ашықтығы басты мәселе екені де айтылды.  

Барлық жаңалықтар