Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жалғасуда

16 Мамыр, 2017 19:24
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында елді мекендерді газдандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл туралы баспасөз конференциясында аудан әкімі Мәди Елеусізов хабарлады.

Жалпы құны 6,1 млрд теңгеден асатын «Шетырғыз-Ырғыз» газ құбырының құрылысы 2016 жылдың IV тоқсанында аяқталған. Осы жоба іске асырылғанға дейін Ырғыз ауданында газбен қамтамасыз етілген бірде-бір елді мекен болмаған. Газ құбыры пайдалануға енгізілгеннен кейін, бірінші болып аудан орталығы – Ырғыз ауылы газдандырылды.

«Қазіргі уақытта газ құбырының магистральды трассасының бойында орналасқан елді мекендерге газ өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», - деді Мәди Елеусізов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы ауданның Нұра, Мамыр, Белшер ауылдарына газ құбырын өткізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінген.

Бұдан бөлек, Ақшы ауылында су құбырын қайта жаңарту жұмысы басталып, Жаныс би және Шеңбертал елді мекендерін сумен қамтамасыз етуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 

Барлық жаңалықтар