- Басты
- Жаңалықтар
- Медициналық пойыздар 30-дан астам станцияның тұрғындарына қызмет көрсетті
Медициналық пойыздар 30-дан астам станцияның тұрғындарына қызмет көрсетті
Биыл екі пойыз сапарға шыққалы бері Қарағанды мен Маңғыстау облыстарының 6,5 мың адамын тексеруден өткізсе, олардың 1,5 мыңнан астамы балалар. Жалпы дәрігерлерге қаралу саны 31 мыңды құрады. 33 мыңнан астам диагностикалық бақылау жасалса, 133 амбулаториялық шағын оташылық қызметі көрсетілді. 400 әйел маммологтарға көрінсе, 1440 тұрғынға тіс дәрігерлерінің жәрдемі қажет болды.
«Шалғай станция тұрғындары тегін жоғары дәрежелі білікті медициналық қызметті тұтынады. Оның ішінде кәсіби дәрігерлік көмек көрсетіліп, қиындық туғызатын сырқаттарға жақын маңдағы медициналық орынға жолдама беріледі. Әсіресе, біздің балаларға қызмет көрсетуіміз маңызды. Жергілікті тұрғындар медициналық пойызды қуана қарсы алады. Әсіресе, балаларға арналған түрлі аттракциондар да бар», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.
Сонымен қатар ол атап өткендей, «Денсаулық» пойызының дәрігерлері Бейнеу станциясының тұрғындарымен бірге осы өңірдегі әскери бөлімшедегі міндеттілердің және жаңадан шақырылғандардың денсаулығын да тексерген.
Естеріңізге сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағандыдан 11 сәуірде сапарға шыққан болатын. Ол биылғы қарашаның 6-сына дейін еліміздің орталық, солтүстік, шығыс өңірлерін қамтиды. Алматы-1 станциясынан 18 сәуірде сапарға шыққан «Денсаулық» пойызы Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлеріне қызмет көрсетеді. Бұл пойыз құрамы биылғы желтоқсанның 20-сына дейін жүретін болады.
Ертеректе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев медициналық пойыздардың жұмысын жоғары бағалап, көліктік медициналық қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өткен болатын.
Айта кетерлік жайт, консультативті-диагностикалық медициналық пойыздар Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары