- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Молдова бірлескен кәсіпорындар құру болашағын талқылады
Қазақстан және Молдова бірлескен кәсіпорындар құру болашағын талқылады
Кездесу барысында екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимыл сұрақтары талқыланды. Тағам өнеркәсібі, шикізатты өңдеу, өсімдіктерді өсіру технологиясы мен селекциясы, туризм және білім алу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігі атап өтілді. «Жаңа Жібек жолы» жобасының шеңберінде еуроазиялық көлік дәліздерін құру маңыздылығы айтылды.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, Қытай, Иран мен Парсы шығанағы елдері нарықтарына шығаруға жол ашатын Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды ашу перспективтілігін баса айтты .
Елші сұхбаттасын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауында белгіленген еліміздің даму басымдықтары, конституциялық реформалардың қорытындылары мен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен таныстырды.
Өз кезегінде П. Филип Президент Н. Назарбаевтың мемлекетті құру мен қалыптасуындағы негізгі рөлін, Қазақстанның әлемдік аренадағы белсенді әрі жауапты саясатын ерекше атап өтті. Молдовалық тараптың Қазақстанмен достық пен ынтымақтастықты күшейту бағытын растады.
Сұхбаттасушылар алдағы уақытта өткізілетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-молдовалық үкіметаралық комиссияның ұйымдастыру сұрақтарын талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді