- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысын дамыту үшін халықаралық қаржы институттарының инвестициялары тартылады
Маңғыстау облысын дамыту үшін халықаралық қаржы институттарының инвестициялары тартылады
Кездесудің негізгі мақсаты – туризм, әлеуметтік сала, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, қалдықтарды басқару, әлеуметтік фермерлік, энергияны үнемдеу және жаңғырмалы энергия көздерін келешекте дамытудың негізгі бағыттарын,инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қаржы институттарын тарту мәселелерін талқылау. Бұдан басқа, дөңгелек үстел шеңберінде Маңғыстау облысының өндірістік алаңдарына бару ұйымдастырылды. Онда қонақтар аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныса алды.
«Бүгін - Халықаралық климатты қорғау күні, біз - «itistimetochange» ,- дегіміз келеді. Өзгерістер бізді барлығында күтіп тұр: бірінші –инвестициялық климаттың өзгерісі. Бұл инвесторлармен жұмыста көрініс табады. Екінші – бұл инвестициялық климаттың басымдылықтарындағы үшінші жаңғырту бағдарламасына сәйкес келетін өзгерістер. Маңғыстау облысы тұрақты дамуға бағыт алды»,- деді «Қазақстан – 2050» қоғамдық қозғалыс кеңесінің мүшесі Айдар Махамбет.
Аймақтың инвестициялық саясатының басты міндеті капиталдық салымдарды қаржыландыруға бюджеттен тыс қаржы көздерін кеңейтуге қолайлы орта қалыптастыру және жеке отандық, шетел инвестицияларын тарттыру, сонымен қатар тиімді инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау болып табылады.
Өңдеуші секторды, экспорттық әлеуетті дамытуға және аймаққа инвестицияларды кеңінен тартуға ерекше көңіл бөлу көзделуде.
Ол үшін барлық құралдар бар. Мәселен, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылған. Ағымдағы жылдан бастап, қажет инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген Индустриалдық аймақ құрылды. Жалпы сомасы шамамен 500 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақтың Картасы жобалары және «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылуда. Осыған қажет барлық инфрақұрылымдар бар.
Аймақты дамытудың басым бағыттары транспорттық-логистикалық сала, сумен қамту, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және теңіз операцияларына мұнай қызметін көрсету болып табылады.
Сонымен, облыста сумен қамту мәселесі ерекше көңіл бөлуді және шұғыл шешім табуды қажет етеді. Жыл сайынғы халықтың өсімі (шамамен жылына 20 мың адам, яғни 4 %), индустриалдық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың белсенді жүзеге асырылуыжылдан жылға тапшылықтың ұлғаюына алып келуде және болжамдық есептеулер бойынша, аймақтың даму қарқынын ескере отырып, 2020 жылға дейін тәулігіне ол 70 мың кубқа жетеді. Су тапшылығын жабу шараларының бірі тұщы суды өндіру көлемін ұлғайту болып табылады. Теңіз суын тұшыту бойынша шетелдік инвесторлардың нақты ұсыныстары мен жобаларының мерзімдері қазірдің өзінде бар.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар