- Басты
- Жаңалықтар
- "Самұрық-Қазына" АҚ бірқатар қытайлық компаниямен ынтымақтастық жасайды
"Самұрық-Қазына" АҚ бірқатар қытайлық компаниямен ынтымақтастық жасайды
Бейжіңде Ақмола облысындағы Масал титан-магнетит (құрамында ванадий бар темір) кен орны базасында тау-кен металлургиялық кешенін салу бойынша екі келісімге қол қойылды. «Масал тау-кен байыту комбинаты» ЖШС мен China National Technical Import and Export Corporation қытайлық корпорациясы (бұдан әрі — CNTIC) арасындағы шартты келісім тау-кен металлургиялық кешені құрылысына мердігер шартын жасау ниетін қарастыруда. Кешен кен өндіруден бастап жоғары маркалы болаттың түрлі сұрыптарын шығаруға дейінгі тізбектен құралады деп жоспарланған. Масал кен орнында С1 және С2 санаттары бойынша кеннің жиынтық пайдалану қорлары 729 млн тоннаны құрайды. Сондай-ақ, «Масал тау-кен байыту комбинаты» ЖШС мен ҚХР Эксим Банкі арасында жобаны қаржыландыру туралы шартты келісімге қол қойылды.
Бұдан бөлек, Қордың ірі қоржындық компанияларының бірі — «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Бейжіңде «KTZE — Khorgos Gateway» ЖШС-де 49% қатысу үлесінің сатып алу-сату шартын жасасты. Қытай тарапынан құжатқа China COSCO Shipping Corporation Limited пен «Ляньюнган порты» КТ» ЖШҚ қол қойды. Зәкірлік стратегиялық инвесторларды тарту «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты арқылы транзиттік жүктер көлемдерінің өсімін қамтамасыз етеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы, сондай-ақ қазақстандық тараптан Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің (бұдан әрі — ҚҚІК) тең төрағасы болып табылатын Өмірзақ Шөкеев Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу аясында бірқатар кездесулер өткізді. «Самұрық-Қазына» Қорының басшысы «CITIC Group» директорлар кеңесінің төрағасы, қытайлық тараптан ҚҚІК тең төрағасы болып табылатын Чан Чжэньминмен кездесті. Өмірзақ Шөкеев пен Чан Чжэньмин жаңа жобалар аясында ынтымақтастық мүмкіндігін, сондай-ақ таяу уақытта Астанада өткізуге жоспарланған алдағы ҚҚІК төртінші отырысының күн тәртібін талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады