Қостанай облысында мыңнан астам болашақ кәсіпкер оқудан өтеді

16 Мамыр, 2017 11:59
Қостанай облысында 1 125 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Осы мақсатқа 80,2 млн теңге көзделген, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында Қостанай облысында 440 шағын несие беру, соның ішінде қалаларда - 186 шағын несие, ауылдарда 254 шағын несие беру жоспарланған (шағын несиелендіруге 2 771,8 млн теңге қарастырылған).

Бұдан бөлек, бизнес бастауға бел буған тұлғалар үшін Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау-Бизнес» жобасы («Атамекен» ҰКП) іске асырылуда. Жоба 9 өңірде бастау алып, бүгінде 2 мыңнан астам адам қамтылған (Қостанай облысында 361 адам).

Ағымдағы жылдың мамыр айынан ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктері жаңа бағдарлама қаражатынан шағын несиелендіруді қолға алмақ. Алайда, бұл істі күтпей-ақ, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасынан қайтарылған қаражаттан 704 шағын несие беріп үлгерген, соның ішінде Қостанай облысында 8 шағын несие берілген.

Бағдарламаның үшінші бағытында (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) Қостанай облысында 2,5 мың адамды қолдау болжануда. Оның ішінде – субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған 621 адам, «жастар практикасына» 157 жас маман өткен және 1,7 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген.

Еске сала кетсек, азаматтардың еңбекке жұмылуын арттыру мақсатында, Бағдарламада ерікті қоныс аудару кезінде мемлекеттік қолдау шаралары ретінде көші-қонға субсидия – әр отбасы мүшесіне бірреттік 35 АЕК (79 415 теңгеден) және баспананы жалға алу мен 12 ай бойы ай сайын коммуналдық қызметтерді төлеуге 15-30 АЕК (34-68,1 мың теңге аралығы) қарастырылған.

Жалпы, Бағдарлама бастау алған сәттен бастап (2017 жылдың 1 қаңтарынан) мемлекет қолдауына 114,3 мың қазақстандық ие болды.

Барлық жаңалықтар