- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Жаңа Зеландиямен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетті
Қазақстан Жаңа Зеландиямен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетті
2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толады.
Ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасындағы достық және ынтымақтастық қатынастары айтарлықтай күшейді. Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия екіжақты және көпжақты форматтарда сәтті өзара әрекет жасайды.
Қазақстан мен Жаңа Зеландия жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде, ядролық қарусыздану және таратпау, халықаралық лаңкестік, заңсыз қару-жарақ және есірткілер айналымы мен климат жөніндегі мәселелер бойынша ортақ ұстанымдарды қолдайды.
Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің 30 озық елінің қатарына кіру бойынша өршіл жоспарларының шеңберінде, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше мемлекеттермен (ЭЫДҰ) жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесі Қазақстанның сыртқы экономикалық саяси басымдықтарының бірі ретінде саналады. Осыған орай, Қазақстан Жаңа Зеландияның ЭЫДҰ мүшесі ретіндегі тәжірибесіне үлкен қызығушылық білдіреді.
Астана Веллингтонмен теңдік және өзара сыйластық қағидасы негізінде қатынастардың барлық салалаларында дамуын қолдайды. Географиялық алшақтыққа қарамастан екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық өзара әрекеттесудің кеңеюіне, әсіресе, технологиялар трансферті мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар.
Осы мақсатта, Қазақстан Жаңа Зеландиямен шарттық-құқықтық базасын дамытуға, саяси серіктестікті қолдауға, экономикалық байланыстарды кеңейтуге және гуманитарлық өзара әрекеттесуге ниет білдіреді.
Қазақстан 2017 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Жаңа Зеландия азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз режим екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді.
Қазақстанда біздің Жаңа Зеландиямен жылы әрі сенімді серіктестігіміз бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық мүддесінде екі ел халқының игілігі жолында одан әрі нығаюына сенімді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады