- Басты
- Жаңалықтар
- Cарыағаштың ШОБ субъектілері 45 мың адамды жұмыспен қамтыды
Cарыағаштың ШОБ субъектілері 45 мың адамды жұмыспен қамтыды
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 26189 шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істеп келеді. Олардың ішінде 1518-і заңды тұлғалар болса, 10556-сы шаруа қожалықтар, ал 14115-і жеке кәсіпкер. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуәлиев мәлім етті.
Оның айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікте 45853 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 12514,3 млн. теңгені құрап, 546,1 млн. теңге көлемінде бюджетке қосымша салық түсірген.
Жалпы, осы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қаржы ұйымдары арқылы 3292 тұлғаға 2010,9 млн. теңге көлемінде несие берілді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Яғни, мал бордақылау, мал басын көбейту, жылыжай, егін шаруашылығы және сауда нүктелерінің айналымын арттыруға несие берілген.
Атап айтар болсақ, ауданда жыл басынан бері Жарты төбе ауылдық округі аумағынан 36 адамды жұмыспен қамтыған тігін цехы, Көктерек кенті аумағында «Ақ Тілек» шипажайы іске қосылып, 50 адам жұмыспен қамтылған.
Аудан әкімінің хабарлауынша, 2017 жылы «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде индустриаландыру картасына жалпы құны 560 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба ұсынылып отыр.
Олар «ТМстрой» ЖШС-нің құны 250 млн. теңгені құрайтын пресс жіп шығаратын жобасы мен жалпы құны 160 млн. теңгені құрайтын күйген кірпіш шығаратын зауытының құрылысы болса, жалпы құны 150 млн. теңгені құрайтын «Көшім» ШҚ тауарлық балық өсіру және балық етін өңдеу зауытының құрылысы болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр