• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл соңына дейін еліміздің бірнеше облысында 7 кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы ашылады –Л.Ибрагимова

Жыл соңына дейін еліміздің бірнеше облысында 7 кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы ашылады –Л.Ибрагимова

23 Желтоқсан, 2013 14:15
2014 жылы «Даму» қоры тарапынан қаржыландырылатын жобалардың саны жыл сайын 1,5 мыңға артады, деп мәлімдеді «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«2013 жылы 9 облыс орталығында кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығын аштық. Осы және келесі аптада 31 желтоқсанға дейін облыс орталықтарында тағы 7 орталық ашамыз. Ертең Талдықорғанда аталмыш орталықты ашсақ, 31-і күні Астанаға келеміз», - деді Л.Ибрагимова.

Оның айтуынша, барлық 27 моноқалада биыл отандастарымызға кеңес берген кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істеді.

«Барлық 168 ауданда бастауыш кәсіпкерлер мен өз кәсіптерін ашқысы келетін азаматтарға бизнес-тренинг өткіздік», - деді басқарма төрағасы.

Барлық жаңалықтар