• Басты
  • Жаңалықтар
  • Денсаулық сақтау министрі Қостанайдың медицина қызметкерлерімен кездесті

Денсаулық сақтау министрі Қостанайдың медицина қызметкерлерімен кездесті

15 Мамыр, 2017 19:02
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет делегациясының құрамында Қостанай облысына барған жұмыс сапары аясында бірқатар денсаулық сақтау объектілерінде болып, аймақтың медицина қызметкерлері қауымымен кездесті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, №2 қалалық емханада  министр  АМСК ұйымдарына тіркелген, әсіресе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін өз мәртебелерін анықтаған қостанайлық белсенді азаматтар тізімімен танысты.

Сонымен, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша 623 642 адам немесе облыстың 73% тұрғыны МӘМС жүйесі бойынша өз мәртебелерін анықтаған, мамандарға жүгінген қалған азаматтар Мемлекеттік кіріс департаментіне, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.

 «Жемчужина Стомед Уральская» көпсалалы медицина орталығында  министр  сандық рентген жүйесі, бейне-эндоскопиялық құрал-жабдықтар, ультрадыбыстық диагностикалық жүйе қолданылатын клиниканың  жабдықталу жағдайымен танысты.

Медицина орталығы МЖК механизмдерін қолдану жүзеге асырылған жоба,  және де денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының «жеке медицинаны дамыту негізінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін кеңейту» басым бағыттарына енеді.

Облыстық және қалалық медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерімен және орынбасарларымен, Денсаулық сақтау басқармасының ұжымымен кездесуде Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласын жұмылдыру, саланы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Әсіресе ауылдық ауруханаларда салалық дәрігерлердің жеткіліксіздігі проблемасын қозғаған ведомство басшысы өте жеткіліксіз мамандарды басқа аудандардан, қалалардан, облыс орталығынан іссапармен жіберуді ұсынды. Сонымен бірге, ол көбіне жеке секторлардан тәжірибелі мамандарды (заңгерлер мен экономисттерді қоса) тартуға кеңес берді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркен Дәуітбаевтың баяндамасында аталғандай, медицина кадрларының жеткіліксіздігі тұрақты үдеріске  айналып, мамандар жеткіліксіздігі көрсеткіші бүгінде 400 медицина қызметкерін құрайды, оның ішінде ауылда 96 мамандар жетіспейді, 119 маман-дәрігер өте қажет. 

Министр сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің еңбекақыларын көтеру турасындағы өз пікірімен де бөлісті.

«Әрине, бірден жалақы артады деп күту орынсыз. Бұл мәселе, өз орнымен, өз бетінше шешілуі тиіс. Шаруашылық жүргізу формасына көшіңіздер – ШЖҚ-ның жаңа заңдық  мәртебесінің болашағы зор. Шешім шығаруда басшылыққа дербестік береді, ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға және тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді медицина ұйымдары басшыларына Е.Біртанов.

МӘМС басымдықтары туралы айта келе, Е.Біртанов медицина дамуының әлемдік үрдісі денсаулықты қорғауда  мемлекет, азамат және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне көшумен байланысты екендігін атап өтті.  2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанның әрбір азаматы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек алатындығын ескертті. 2017 жылдың 1 шілдесінен-ақ төлеушілердің жекелеген санаттары, ол дегеніміз жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер,  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы аударымдар мен жарналарын аудара бастайды. 

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС-ті енгізу Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды» жүзеге асыру болып табылады. 

Барлық жаңалықтар