- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс пленарлық отырыста зейнетақыны көтеру жөніндегі түзетулерді қарайды
Мәжіліс пленарлық отырыста зейнетақыны көтеру жөніндегі түзетулерді қарайды
Елбасының тапсырмасын орындау үшін әзірленген заң жобасында заңнамаға 2017 жылы зейнетақы мөлшерін, сондай-ақ бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшерін көтеру бойынша түзетулер енгізу көзделеді.
Депутаттарға денсаулық сақтау мәселелері бойынша енгізілетін жаңалықтар жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.
Сонымен қатар Палатаның күн тәртібінде Қазақстанның Қырғызстанмен ратификациялық актілері де бар. Бұл Мәжіліс «2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және де«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары.
ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері мен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы, Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын қорытынды әзірлеуге алады.
Сондай-ақ, Бюро отырысында Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырысын (2017 жылғы 25-27 мамыр) өткізу туралы мәселе де талқыланды.
-
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты -
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды