СҚО-да жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісі екі есе артқан

15 Мамыр, 2017 19:57
2017 жылғы 4 ай ішінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы республиканың 16 өңірі арасында сауда және инвестициялар көлемдерінің өсу қарқыны бойынша – 2-орынды, өнеркәсіп көлемдерінің өсу қарқыны бойынша – 4-орынды, тұрғын үйді енгізу бойынша 5-орынды қамтамасыз етті, деп хабарлады СҚО әкімдігі.

«Өнеркәсіпте 70 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл республикада 4-орынды алады. Тамақ өнімдерінің өндірісі 14,3% өсті, соның ішінде ұн өндірісі заттай көріністе -  37,7%, макарон — 35,6%, ұзақ сақталатын кондитерлік тағамдар — 12,8%, сүт өнімдері 4,1% артты. Жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісі киім тігу есебінен екі есе ұлғайды», - деп ақпараттандырды СҚО Статистика департаментінің басшысы Марал Нұржаупова.

Сонымен бірге, платформа-контейнер тасымалдаушылар мен мамандандырылған автомобильдер өндірісі машина жасау саласында 3,4 есе өсімді қамтамасыз еткен. Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісіндегі өсім құбырлар, терезелер мен есіктер, үй заттарын шығару есебінен 133% құрады, деп атап өтті департамент басшысы.

Барлық жаңалықтар