Астанада «Ұлыс күні» шаралары өтетін болады

15 Мамыр, 2017 19:34
Астанада «Ұлыс күні» аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Шығыс қырлары» алғашқы шарасы өтті.

Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, «Ұлыс күні» бір жыл бойы өтетін шаралар топтамасы. Көрермендерге Шығыстың, Кавказдың, еуропа және славян мәдениетімен, дәстүр-салтымен танысуға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ қонақжайлылығын, мейірімділік секілді жағымды қасиеттерін сезіне алады. Ұйымдастырылып отырған шаралар елордада тұратын ұлыстардың мәдениетін, дәстүрін насихаттауға, қаланың этно бірлестіктерінің жетістіктерін танытуға бағытталған. Ұлтаралық келісімді, татулық пен достықты сақтауға және нығайтуға қаланың барлық этно-мәдени бірлестіктері өз үлестерін қосуда. 

«Алғашқы шаралар топтамасының бастауында «Шығыс қырларын» көрсету корей, татар-башқұрт, ұйғыр, түркмен, тәжік, түрік, өзбек, күрд, қарақалпақ, дүнген мәдени орталықтарына берілді. Шара халықтық қолөнер шығармашылығы көрмесінен басталды. Онда қонақтар дәстүрлі және авторлық, заманауи қолөнер бағытындағы өнімдерді, этно мәдени орталықтардың шығармашылығын тамашалады»- делінген хабарламада.

 Шығармашылық шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды, Меймандар халық өнерінің тарихымен танысып, шеберлердің ақыл-кеңестерін тыңдап, өз қолдарымен өнімдер жасады. Шара Астананың этно мәдени ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда ұлттық киімдер де насихатталды. 

Ұлыстар күнінің нышаны Астана қаласында тұратын барлық этностардың татулығын, келісімін паш ететін достық кілемі болмақ. Кілемнің ортасында кестеленген қазақ оюы этно мәдени бірлестіктер ұсынған 25 ұлттық өрнекті біріктіретін элемент ретінде алынған. Жыл соңында дайын кілем «Ұлыстар күні» шарасы қорытындыланғанда көпшілік назарына ұсынылмақ.

Барлық жаңалықтар