- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында лифтілер тексерістен өткізіледі
Қарағанды облысында лифтілер тексерістен өткізіледі
«Менің ойымша, Қарағандыда және облысымыздың басқа да қалаларында жағдай мәз емес. Барлық лифт шаруашылығына тексеріс өткізу қажет. Сонан соң нәтижеге байланысты алдын алу шараларын ұйымдастыру керек. Басқару компанияларымен кездесу, тұрғындармен жиналыс өткізген жөн», - деді Ерлан Қошанов аппараттық жиналыста.
Қала әкімдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының жетекшілері тапсырма алды. Аймақ басшысы екі апта мерзімінде тексеріс нәтижелері жайлы есеп беруді бұйырды. Облыс әкімі басты назарға адамдардың қауіпсіздігін қоюды талап етті.
«Трансформатор күркелері, су ағатын және кәріз құдықтары адамдардың зардап шегуіне, тіпті қаза болуына апарып соғады. Жеке қабылдауыма келген адамдар шағымданады, менің блогыма жазып жатыр, БАҚ-да материалдар шығып жатыр. Көбіне ол Теміртау мен Қарағанды қалаларына қатысты, - деп атап өті Ерлан Қошанов. - Ең қауіпті жерлерді анықтау қажет. Ашық құдықтар, қараусыз қалған ғимараттар, шұңқырлар, қазаншұңқырлар, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері – барлығын тексеру керек. Сәйкес қызметтер барлығын реттеулері тиіс. Әкімдер, қолға алыңыздар», - деп баса айтты Ерлан Қошанов.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек