- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемдік логистикалық оператор «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға инвестициялайды
Әлемдік логистикалық оператор «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға инвестициялайды
Стратегиялық инвесторлар тарту Азия мен Еуропаның арасындағы жүк ағынын арттыруға, еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту мен транзиттік тасымалда жоғары көрсеткіштерге жету, жүктерді сақтау мен тасымалдауға, оның ішінде Құрғақ порты аумағының әлеуетін дамытуға бағытталады.
«Қорғас-Шығыс қапасы» АЭА COSCO Shipping компаниясының қызметін пайдалана отырып, ғаламдық логистикалық қызмет көрсету деңгейіне көтеріліп, қазақстандық транзиттік бағдарларын халықаралық логистикалық желі тізбегіне қосылатындай етеді.
Қол қойылған келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық саланы дамытуға, қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығын үйлестіре дамытуға ықпал етеді.
Салтанатты қол қою шарасына ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов, Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сяолун қатысты.
COSCO Shipping - логистикалық қызмет көрсететін ірі әлемдік теңіз операторы.Корпорация құрамында 1100 теңіз кемесі 1,6 млн. контейнерге қызмет көрсетеді. 300-ден астам халықаралық және ішкі теңіз бағдарларына шығады. Әлемнің 79 мемлекетіндегі 254 портпен қатынас жасайды.
Ляньюньган порты Қытайдың Сары теңіздегі ірі теңіз айлағы, Әлемнің 30 ірі портымен жылына 200 миллион тоннадан астам жүкті 5 миллион контейнермен жеткізеді.
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
Коронавирусқа қарсы вакцина әлемдік стандарттарға сай - сарапшы -
А.Салиев: Елде вакцина шығару логистикалық шығынды қысқартуға, медұйымға тез жеткізуге мүмкіндік бермек -
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе -
Жас аналарға арналған отандық «SuperMoms club» жобасы әлемдік нарыққа шықпақ -
Қазақстандықтар бүкіләлемдік «World cleanup Day» экологиялық акциясына қатысты -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
«СҚ-Фармация» логистикалық хабында қанша дәрі-дәрмек бар -
Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқарады -
Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналу мүмкіндігі бар – А.Мамин